Ақтөбеде аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыратындар саны аптасына 230 адамнан асты

Бұған дейін жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегіне жүгінетін науқастар саны 170-тен аспайтын.

Соңғы күндері Ақтөбеде ауа температурасы Цельсий өлшемі бойынша 40-42 градустан түспей тұр. Дәрігерлердің айтуынша бұл гипертония дертінен зардап шегетіндердің жағдайын ауырлатып жіберген.
Ал Ақтөбелік күн райын бақылаушылардың болжамына жүгінсек, тамыздың екінші жартысынан бастап ауаның температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.