Caravan Logo

Ақтөбеде арнайы операциядан кейін 3 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде арнайы операциядан кейін 3 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді


Бүгін Ақтөбедегі емдеу мекемелеріне арнайы операция кезінде жараланған 3 адам жеткізілді. Келіп түскен соңғы мәліметтер бойынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Дәл қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түс ауа ақтөбелік құқық қорғаушылар іздеуде жүрген 4 лаңкестің жасырынған жерін қоршауға алып, олардың көзін жойған еді. Тағы бір сыбайластары оққа ұшты. Бірақ қарулы қақтығыс кезінде 2 тәртіп сақшысы жарақат алды. «Ал осыдан 5 күн бұрынғы лаңкестік шабуыл кезінде жараланған 13 науқастың жағдайы жақсарып келеді», - дейді дәрігерлер.