Ақтөбеде балабақша күтушісі сәбилерге туберкулез жұқтырған


«Ерке» атты мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкері ашық туберкулезден айыға алмай, ақыры қайтыс болған. Ал қатерлі дертке шалдыққаны көз жұмған соң анықталыпты. Кейін дереу балабақша карантинге жабылып, бүлдіршіндерді тексеруден өткізген екен. Дәрігерлер 4 баладан секемденіп, қазір оларды бақылауға алды.Ал ата-аналар болса науқас әйелдің қалай жұмысқа кіргеніне таң. Балабақша меңгерушісі осы оқиғадан соң қызметінен өз еркімен кетіпті.