Ақтөбеде балалары ішімдікке салынып кеткен ата-аналар есепке алынып жатыр

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев жасөпірім тəрбиесін қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Ақтөбелік полицейлер іске кірісіп кетті. Балалары түнімен қыдырып, ішімдікке салынып кеткен жасөспірімдер ата-аналарының алды жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

«Ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді. Алкогольдік ішімдіктерді пайдалану бойынша 21 жасқа толмаған тұлғалар қатарынан 4 дерек анықталды. ІІО-ның есебіне 32 кәмелетке толмаған жасөспірімдер алынса, оның 8-і қараусыз, панасыз қалған жасөспірімдер. 21 отбасындағы ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін есепке алынды», — деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бұл Ақтөбе облысында 25 мен 30 қаңтар аралығында жүргізілген «Жасөспірім» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде жасалған жұмыстар. Шара алдағы уақытта да жалғасады.


«Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде, қаңғыбастық фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды, темекі бұйымдарын пайдаланбауын, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу болып саналады», — дейді ІІД өкілдері.