Маржан, саудагер:
-2 күн полиция болған жоқ. Қайтадан саудаға көшті енді. Рұқсаттарың жоқ десем, полицияға 500 теңге беріп келіскенбіз дейді.
Қанша айдан бері саудасы тұралап қалғандар тәртіп сақшыларына қатты өкпелі. Олар Орталық базар маңындағы көше бойы мен аялдама алдын жағалағандарға тыйым салудың орнына соларды қолдауға көшкен. Соның кесірінен салығын төлеп базарда тұрғандар тұтынушыларымыздан айырылып, шаш етектен шығынға батып отырмыз дейді. Шағым бойынша жергілікті әкімдік базар маңына бейнекамералар да орнатыпты. Ал оны бақылау тағы да ішкі істер бөлімдерінің құзырында. Дегенмен, жабайы базардағылар көше бойында жансақтау үшін сауда жасайтындарын айтады. Сондықтан полицейлермен келісімге келулеріне тура келеді екен.
- Базардан орын сатылады.Төлейтін ақшам жоқ. Сонда мен қалай күн көруім керек?. Мен ұрлыққа шыға алмаймын.