Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сүйенсек, баланың мәйітін "Ақбұлақ" кәсіпорынының апаттық қызметінің жұмысшылары кәріз құдықтарының бірінен тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, бала 5-сәуірде Ақтөбеде жоғалып кеткен. Оның бірге ойнап жүрген құрдастарының айтуынша, ол аяқ астынан жоқ болып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бала кәріз құдығына құлап кетуі мүмкін деген болжам жасап, осы күндері іздеу жұмыстарын дәл осы бағытта жүргізген. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары балаға іздеу жариялаған болатын.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сүйенсек, баланың қаза табу себептері анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті