Ақтөбеде белгісіз біреулер фашистердің белгілерін салып кетті

Таң атысымен көпірдегі белгілерге ең бірінші сол маңдағы тұрғындардың көздері түскен. Жеңіс күні қарсаңында мұндай сорақы жазуды көріп, жағаларын ұстап отыр. Дереу құзырлы органдарға хабарласып, бұзақыларды жазалауды талап етіпті. Қазір оқиғаның мән-жайымен танысқан тәртіп сақшылары күдіктіні жақын уақытта табамыз деп уәде етуде. Себебі вандалдар өздері салған белгінің астына аты-жөнін, оқитын оқу орны мен группасына дейін жазып кеткен.

Мария Колесникова, тыл ардагері:

-Ол бұзақыны группаластарымен бірге қолдарына шелек пен шүберек беріп осында әкелу керек. Көпірдегі жазуларды тазартып, жуып шықсын. Бұл белгілерді салу ардагерлерді қорлау ғой. 

Loading...