ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір түнгі екілер шамасында 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты.
Қаза болғандар 31 және 56 жастағы әйелдер екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ жергілікті
"Ақтөбе Таймс" сол түні тағы бір қыздың Әбілқайыр хан даңғылында өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Облыстық полиция департаменті 1996 жылғы қыздың 8-ші қабаттан секіріп кеткенін растады. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.