Ақтөбеде букмекерлік конторадағы қызметші әйел өз ұрлығын біреулер тонап кетті деп көрсетпек болған

Сәрсенбіде облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратқа қарағанда, әйел полицияға біреулер контораны тонап кетті, деп хабарлаған.

Оның айтуынша, маска кигендер баса-көктеп кіріп, оған пышақ кезеп, кассадағы 400 мың теңгені алып кеткен.

Дегенмен, бейнекамералардағы жазбалар ешқандай шабуылдың болмағандығын көрсетті, ал әйелдің ұялы телефонынан оперативті қызметкерлер көңіл бөлуге тұрарлық смс-хабарламалар тапқан. Онда кассир әйел құрбысына көп ақша ұтылып қалғандықтан ақшаға аса зәру екендігін хабарлаған.

Қайталама сұраққа жауап беру кезінде әйел кінәсін мойнына алған.