Ақтөбеде даңқты қазақ тарышысы Шығанақ Берсиевтің ескі мүсінін алмастыру көзделіп отыр

Осы мекеменің басшысы Сара Нұрқатованың айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығында Пушкин атындағы саябақта орнатылған Шығанақ Берсиевтің ескерткіші сонау 1946 жылы бетоннан жасалған екен.

"Уақыт тезінен, жауын-шашындардың әсерінен бұзыла бастады. Осыған байланысты оны алмастыру немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін басқарма соңғы 6 жылда бірнеше мәрте көтерген болатын", - деді С. Нұрқатова.

Сондай-ақ, басқарма Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ағымдағы жылдың тамыз айында Ақтөбе облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңартылған тізімін бекіту мәселесі тыңдалатынын атап көрсетті. Сол кезде ескірген Берсиев ескерткішін тіркеуден алып тастау мәселесі шешілетін болады.

"Бұл бізге Пушкин атындағы саябақта тұрған Шығанақ Берсиевтің бюстін алып тастауға мүмкіндік береді. Сол кезде қазір қоладан құйылып өз сағатын күтіп тұрған жаңа ескерткішті де орнатудың сәті түсер", - деді С. Нұрқатова. Ол сонымен бірге жаңа қола бюстінің авторы белгілі ақтөбелік мүсінші Жәдігер Кенбай екенін айтуды да ұмытпады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақтөбеде белгілі қазақ тары өсірушісінің ұрпақтары облыс орталығындағы Пушкин атындағы саябақта орналасқан Берсиев бюстін алып тастау бастамасын көтерген. Тары өсірушінің немересі Мұхаметқали Ешмұқанның айтуынша, бұған себеп болған олардың аталарының бюсті Берсиев аурушаң және жүдеу кейіпте түскен фотосурет бойынша жасалған. Оның ұрпақтары атап көрсеткендей, бұл ретте бір жарым жыл бұрын облыс билігі тарышының 125 жылдығына орай Ақтөбеде жаңа ескерткіш орнатқаннан кейін олар осындай өтініш жолдауға шешім қабылдаған. Жаңа ескерткіш тарышы дені сау және дөңгелек жүзді болып түскен сурет бойынша жасалыпты.