Ақтөбеде дәрігер адамдарды психотропты дәрілермен емдеген


Дәрігердің кабинетінен психотропты заттарды пайдалануға кеңес берген 31 рецепті табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 266-бабының 54-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан, үш жылға дейін белгілі қызметті атқару құқығынан айырылуы мүмкін. Барлығы «Допинг» шарасының барысында 3 есірткі қылмысы анықталып, 2 грамнан астам героин тәркіленді.