Ақтөбеде екі адамды қағып кеткен әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Капитан Мұхит Әубәкіров ҚР ҚК 296 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалуына байланысты қызметінен босатылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кейін материалдар соттың қарауына беріледі», - деді Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы Еламан Ордағұлов.

Әуе қорғаныс күштері әскери институты капитаны кінәсінің дәрежесін сот анықтайды. Алайда М.Әубәкіров қызметінен босатылуы мүмкін деп есептейді Е.Ордағұлов.