Ақтөбеде екі қызды қағып қашып кетпек болған офицерді жүргізушілер ұстап берді

Соққының қатты болғаны соншалық, 22 жастағы қыз бірнеше метрге ұшып түскен. Арақты аямай сілтеген офицер оқиға орнынан қашып кетпек болыпты. Бірақ жанай өтіп бара жатқан басқа жүргізушілер жолын бөгеп ұстап қалған. Ал апаттан жарақат алған екі қыз аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін жеткізді. Ал тәртіп сақшылары ащы суға қызара бөртіп алып, жүгенсіз кеткен офицер жазасыз қалмайды дейді. Бұл істі Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы да қадағалайтын болды.


 Серік Ғизатов, Ақтөбе облыстық ІІД басқарма бастығы:

Кінәлі жүргізуші әскери болғандықтан, бұл істі әскери гарнизонға жолдадық. Ол ішімдік ішкен. Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кетпек болғаны үшін де жауапқа тартылады. Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.