Ақтөбеде екі жас сатушы әйел кісі қолынан мерт болды

"Өлтірілгендер 24 пен 32 жастағы әйелдер. Олар көптеген пышақ жарақаттарының салдарынан қайтыс болған", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

Оның айтуынша, қан жоса болған әйелдердің денесін дүкен қожайыны тауып алған. Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.