Ақтөбеде екі жасар бала кәрізге құлап мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әжесінің жанына үйдің алдында ойнап жүрген екі жасар сәби ашық тұрған кәрізге құлап кеткен.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары баланың кәріз вентиліне құлау салдарынан алған жарақаттан мерт болғанын анықтады.
Қазір құқық қорғау мекемелері кәріздің қаладағы қандай коммуналдық қызметке тиесілі екенін және оның қақпағы не себепті жабылмай қалғанын анықтап жатыр.