Облыстық мәдениет бақармасындағылардың айтуынша, байқауға алдын-ала эскиздерімен барлығы 44 өтініш түскен, әртүрлі қалалар мен елдерден келген 20 автордың жұмысы іріктеліп алынды. "Біздің қаланда өзіндік кескін-келбет, бейнесі жоқ. Қарап тұрсаңыз мүсіндердің бәрі бірдей",- деді облыстық мәдениет басқармасының көркемөнер бөлімінің бастығы Роза Тасырова.
Байқауға қатысушылардың арасында ең көбі ресейліктер. "Ақтөбеге Санкт-Петербург, Нижний Тагил, Рязань, Мәскеу, Читадан және басқа ресей қалаларынан келеді",- деді басқармадағылар.
"Қазір Атыраудан Ақтөбеге күлгін ұлутастарды жеткізу туралы мәселе шешілуде. Олар қаттылығы жағынан мәрмардан кейінгі орында, бірақ қол жеткізу оңай, ең бастысы - төзімді",- деді Р. Тасырова. Тақырыптарға қандай да бір шектеу қойылмайды, қатысушылардың әрқайсысы "өзіне тиесілі тасты алып, содан өз туындысын жасап шығарады",- деп қосты ол.
Ақтөбеде мүсіншілер бір ай болады. Осы уақыт ішінде олар қала сыртындағы лагерьде тұрады. Олардың тұратын жері, азық-түлігі мен екі жақ жолақысын облыстық бюджет өз мойнына алады.
Байқаудың жеңімпазы 5 мың АҚШ доллары көлемінде, ал екінші және үшінші орын иеленгендер 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. "Бірақ бұл басқа мүсіндер қаладан кетеді деген сөз емес. Олардың барлығы да қалада қалады, ол үшін қазір ұйымдастырушылар ыңғайлы орын іздеуде",- деді мәдениет басқармасындағылар.