Ақтөбеде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған жігіт қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратының терезесінен секіріп кетті

Бірнеше сынық және бас жарақатына душар болған зардап шегуші облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі таңда облыстық ІІБ-ның ішкі қауіпсіздік қызметі аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстарын қолға алды.