Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, 15 сәуір күні түнгі сағат 01:50-де патрульдік полиция Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған "Ваз-2114" автокөлігін тоқтатқан. Салонда тағы екі жолаушы болды.
"37 жастағы көлік жүргізуші мен жолаушылардың мінез-құлқы біртүрлі болып көрді. Тәртіп сақшылары күдіктеніп, тексеріс өткізді. Сол кезде көлік жүргізушісінен газетке оралған 6, ал жолаушылардың бірінен "марихуананың" 15 пакет тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 800 грамм", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ұсталған үш адам деструктивті діни ағым ұстанушылары болып шықты. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.