Ақтөбеде есірткі заттарын және қару-жарақ сақтағаны үшін бұрынғы атақты спортшы әрі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі тұтқындалды

"Әзірге, тергеу мүддесіне орай тұтқындалғанның аты-жөні аталмай отыр. 35-жасар күдікті бұрын атақты спортшы және жүзуден спорт шебері болған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

"Ол келіп түскен шұғыл ақпарат бойынша тұтқындалды. Тінту кезінде одан 3 грамм героин табылды. Сондай-ақ, оның пәтерінен тағы бір грамм героин мен Макаров тапаншасының 10 оғы алынды", - деді А. Иманғалиев.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, тұтқындалушы жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінде болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.