ТЖМ мәліметінше, бүгін 00 сағат 48 минутта Ақтөбе қаласының маңындағы Пригородный кентінде барак үлгісіндегі 9 пәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан 4 пәтерде өрт шықты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында 3 пен 6 жас аралығындағы екі бала бар.
Өртті ҚР ТМЖ Өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен 35 адамы 6 сағатта сөндірді.