Ақтөбеде газдың жарылуы салдарынан алты адам зардап шекті


Бейсенбі күні Заречный-1 кентіндегі жекеменшік үйде газ баллоны жарылған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жқмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Айман Күмісбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, жарылыс салдарынан үй толық бүлінген, құтқарушылар ол жерден бес литрлік баллон тауып алды.
Зардап шеккендер екінші-үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс себебі анықталуда.