М.Хайрулиннің айтуына қарағанда, бүгін жүзеге асырылған шұғыл іздестіру шараларының барысында қаржы полициясының қызметкерлері 8 адамнан 155 мың теңге тәркіледі. 1 және 5 мың теңгелік қағаз ақшалар қолдан жасалған сыңайлы. Хайрулиннің айтуынша, қазір сот-криминалистикалық сараптама жүргізілуде.
Департамент басшылығының хабарлауынша, "тергеу кезінде ұсталғандардың екеуі тәркіленген ақшаны "Әділетті Қазақстан үшін" блогының штабында жүргізген үгіт-насихат жұмыстары үшін жалақы ретінде алғанын мойындады. "Бұл ақпарат қосымша тексеруді талап етеді",- деді М.Хайруллин.
Журналистер сауалына жауап берген облыстық департамент төрағасының орынбасары "оқиғаны сайлау науқанымен байланыстаруға болмайды, бұл -қаржы полициясының қарапайым жұмысы", - деп атап өтті.
Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында ақшаны қолдан жасау деректері бойынша 38 қлмыстық іс қозғалған. Қаржы полициясы 187 мың жасанды теңге, 2,1 мың жасанды доллар, 600 жасанды евро тәркіледі.