Оқиға Ақтөбенің маңындағы Кирпичный ауылында болған. КамАЗ көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан он жасар қызды қағып кеткен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына ұшырыған баланы Ақтөбе қалалық ана мен баланы қорғау орталығына жатқызған.