Ақтөбеде кардиохирургиялық орталық ашылды

"Менің батыс өңіріндегі жалғыз кардиохирургиялық орталықтың жұмысына мүдделілік танытуым кездейсоқтық емес",- деді К. Мәсімов. "Бұрын ел президенті үкіметке 2009 жылға дейін Ақтөбеде, Астанада, Алматы мен Павлодарда 4 кардиохирургиялық орталық, ал барлық облыс орталықтарында жақсы жабдықталған кардиохирургиялық бөімшелер ашуды тапсырған болатын",- деп түсіндірді премьер.

Үкімет басшысы, осыған дейін республика бойынша "Астанада, Алматы мен Қарағандыда - небәрі үш кардиохирургиялық орталық болғандығын, бұл жеткіліксіз болғандықтан жүректеріне операция жасауды қажет ететін көптеген қазақстандықтар шетелдерге шығуға мәжбүр болғандығын" еске сала кетті.
"Бүгін осы орталықтырдың алғашқысы Ақтөбеде ашылып отыр, ол заманауи жабдықтармен жабдықталуы және мамандар деңгейі бойынша дүниежүзілік стандартқа сай. Бұл үшін біз бюджеттен 1 млрд теңге бөлдік",- деді Кәрім Мәсімов. Орталық Ақтөбе қаласының шетінде, жалпы алаңы 2 мың шаршы метрге жуық екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бүгінгі күнде бұл жерде 46 орынға арналған кардиохирургиялық және кардиологиялық бөлімше жұмыс істейді. Орталықта жылына 600-ге дейін операция жасау және 1,5 мың жүрек зерттеуін жүргізу жоспарлануда.