Полиция ақпаратына сәйкес, бозбала өткен демалыс күндері облыс орталығындағы ойын клубтарының бірінде ұсталған. Жігіт ойын автоматына бес мыңдық купюраны өткізіп жіберуге әрекет жасаған. Алайда, бұл ойлағаны іске аспай, автомат қағаз ақшаны "шайнап тастайды". Әлгі бозбала көршілес салонда осындай әрекетті тағы қайталамақ болған.
Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп босатылды. Одан 5 мың теңгелік 17 купюра тәркіленген.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің қолдан ақша жасап сату туралы 206- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.