Қазақстандағы Ресей жылы аясында облыстық ішкі саясат департаменті ұйымдастырған бұл форум жастар проблемасына арналған.
Жастар жиынына республиканың батыс аймақтарынан (Ақтөбе, Ақтау, Атырау және Орал) келген жастар өкілдері, Орынборлық жастар мен "Единая Россия" партиясының мүшелері қатысуда. Форумның құрметті қонағы ретінде Ақтөбеге ҚР парламенті мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбай келді.
Облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы Алдан Жылгелдінің айтуынша, форумға қатысушылар "Саяси жетекшілік" , "Әлеуметтік қызметтерді дамыту" тәрізді секциялар бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, "форумда алдағы парламент мәжілісінің сайлауына, электронды дауыс беру жүйесіне деген жастар көзқарасы талқыланады",- деді А.Жылгелді. Форум қорытындысы бойынша арнайы резолюция қабылданады.
Форум 10-қыркүйекте аяқталады. Оның жабылу шарасында жастар әндері мен әзіл-сықақтан мини-фестиваль ұйымдастырылып, Ақтөбелік кәсіби орындаушылардың біріккен концерті өтеді.