Қаржы полициясының ақпаратына сүйенсек, халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залының басшысына жергілікті фирмалардың бірінің заңгері оған тиесілі ЖШС-н қайта тіркеуден өткізіп беруді өтініп арыз жазған. "Алайда, халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залының басшысы заңгер жинаған құжаттардың толық еместігін және оның дұрыс толтырылмағандығын желеу етіп, оларды тиісті қалыпқа келтіру ұзақ уақыт алатынын атап көрсеткен. Осыған байланысты оны 300 АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген", - деп түсіндірді Қаржы полициясындағылар.
Сол ақшаға күдікті заңгерге құжаттарды қайта рәсімдеу процесін және ЖШС-н қайта тіркеу туралы куәлікті беруді жеделдетуге уәде берген.
"Бұл туралы заңгер толығымен Қаржы полициясының қыметкерлеріне әңгімелеп берген. Содан кейін күдікті қылмыс үстінде, атап айтқанда, ақшаның бір бөлігін - 15 мың теңгені алу үстінде қолға түсті", - деп атап көрсетті экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті.
Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде.