Ақтөбеде көп адамның тынысын тарылтқан газ "жаужұмыр" немесе "хлорпикрин" болуы мүмкін - санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметі

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, авиаторлар қалашығындағы №24 үйдің тұрғындары уланғаны туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жексенбі күні 21 сағат 30 минутта келіп түскен. Зардап шеккендердің барлығы да тыныс ала алмай, көздерінен жас аққанын және құсқысы келгенін айтқан. Соның салдарынан үйдің бір подьезінде тұратын 120 адам басқа жаққа көшірілді.
Қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қызмет мамандары бастапқыда зерттеу нәтижесінде ауа құрамынан иприт газы анықталды деп хабарлаған еді. Артынан осы мамандар жүргізген зерттеу қорытындысы ауа құрамында аса улы заттардың жоқ екенін көрсеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті