Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен 3 адам ауыр халде жатыр

Мынау пәтердің өрттен кейінгі көрінісі. Бар пәле үйдің шатырынан шығыпты. Осында жөндеу жұмысын жүргізгендер газ баллонын пайдаланған. Неден екені белгісіз, аяқ асты ол жарылып кеткен. Қызыл жалын бірден пәтердің ішін түгел шарпып, кейін көршілеріне қарай жылыстапты.

Насиха Науытбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:



-«Ойбай шығындар, газ атылады» дегенді естіп далаға шықтық. Мен өзім бірінші қабатты тұрам. Балаларыммен далаға шықтым. Адамның өмірі деген қас-қамы секундт екен гой.Не болғанын білмей қалдық .