Жұмысына жиналған иесі көлігін оталдыруға шыққан кезде капотынан будақтаған түтінді көреді. Сол мезетте 101 қызметін шақырған. Олар жеткенше «Фольксваген Шаран» толықтай қызыл жалынға оранды. Мамандар оттың электр сымдарының тұйықталуынан тұтанғанын айтып отыр. Әсіресе, аязды күндері осындай оқиғалар жиі кездеседі. Бұған дейін Ақтөбенің қақ ортасындағы көпірде тағы бір көлік жарылған еді. Ол да сымнан шыққан ұшқыннан өртеніп кеткен.
Loading...