Ақтөбеде көшпелі флюорографиялық зертханалар тегін қызмет көрсетуде

Оның айтуынша, халық көп жиналатын Орталық стадион мен Орталық базардың жанында көшпелі флюорографиялық екі зертхана орын тепті. Бір зертхана күн сайын 500 адамға қызмет көрсете алады.

Қалалық бас дәрігердің пікірінше, бұл шара құрт ауруын алғашқы сатыда айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қалаған адамдар басқа да ішкі дене мүшелерінің суретін тегін алуға мүмкіндік алады.
Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, тек бір ғана көшпелі рентген-зертханасының жұмыс істеуіне қалалық бюджеттен күніне 40 мың теңге бөлінеді. Маманды дәрігерлер алдағы аптаның аяғына дейін халыққа қызмет көрсеткелі отыр. Осы уақыт ішінде дәрігерлер 5 мың адамды тексеруден өткізбекші.
Бұл шара нәтижелі болған жағдайда қалалық денсаулық сақтау басқармасы оны күзде тағы бір қайталамақ ниетте.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам адам туберкулезбен ауырады. Науқастардың басым бөлігі Ырғыз және Алға аудандарында тұрады.