Сотталушы маскүнем күйеуінен екі жыл бойы жәбір көргенін айтады. Жетімдер үйінің түлегі өзінен 24 жас үлкен жарының жұдырықтауына көніп келген екен. Аты-жөні жоқ қызғана беретін күйеуін балтамен соққылап, қан жоса болғанын көргенде ғана есін жиып, жедел жәрдем шақырыпты. Кінәсін толық мойындағандықтан судья да жазасын біраз жеңілдетті. Ал артында қалған екі баласы анасының тағдырын қайталап, жетімдер үйіне кетті.
Loading...