Ауруханаға Әділ Ақылбекке дереу операция жасалғанымен, курсант есін жимастан бақилық болды. Институт басшыларының астан уланды дегеніне сенген туыстары кейін дәрігерлердің қорытындысын көрген соң жағаларын ұстаған. Себебі, екінші курста оқитын Әділдің қабырғалары сынып, көп қан жоғалтыпты.
Алтын Сартаева, Ә.Ақылбектің жеңгесі:
-Құлап қалған дейді. Құлаған адам ондай болмайды ғой. Қан деген көп жоғалтқан. Аузынан кеткен. Есін білмей қалып жатты. Оны ұрған ғой. Тепкен өкпесін түсіріп.
Марқұмның туыстары кешеден бері аурухана мен институттың ортасында жүр. Қансырап жатқан Әділ Ақылбекке алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлер де ешнәрсені ашып айтпай отыр.
Ештеңе айта алмаймын, қазір келсін.
- Кім келу керек?
- Қазір келсін бастықтар.
Әуе қорғанысы институты басшылары болса туыстарына көңіл айтпақ түгілі, курсанттары көз жұмған ауруханаға да бас сұқпады. Қаралы туыстардың қақпа алдынан кетпесін түсінді ме, тек екі сағаттан соң институт бастығының орынбасары Қасымбек Кенжебаев шықты. Онда да оқиғаның қалай болғанын айта алмай отыр.
-
Ештеңе айта алмаймын.
- Енді бізге емес, тумаларына түсіндіру міндеттеріңіз ғой
- Мен жеңгесімін талап етем.
Талдықорғанның тумасы Әділ Ақылбек жастайынан ұшқыш болуды армандапты. Енді оның сүйегін туған жеріне алып кетуге әкесі келе жатыр. Әскери прокуратура мен полиция да тергеуге кіріскен.
-Ақтөбедегі әуе қорғаныс институтында биылғы оқу жылында болған бұл екінші оқыс оқиға. Осыдан жарты жыл бұрын екінші курстың тағы бір курсантын біреулер жоғарыдан итеріп жіберген болатын. Ол кезде де оқу орны басшылары курсант өзіне қол жұмсамақ болды деп жалтарып кеткісі келген.