Ақтөбеде курстасын ауыр жарақаттаған курсант сотталды

Айыпкер бұзақылық пиғылмен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, бір жыл сынақ мерзіммен төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс материалына сәйкес, кәмелетке толмаған жеткіншек кешкі асқа бара жатқан жолда курстасымен шекісіп қалып, алқымына үшкір затпен жарақат салған. Курсант көп қан жоғалтқан. Оларды ертіп келе жатқан тәрбиешілер төбелесті тоқтата алмаған.

Сотта курсант өз кінәсін мойындап, зардап шегушіден кешірім сұрады.