Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар аштық жариялады

Құқық қорғаушыларды талап етіп, жабық мекемедегі жағдайға 27 науқас осылай аштық жариялауда. Барлығы сот шешімімен маскүнемдіктен күштеп емделіп жатқандар. Бүгін олардың наразылығын қолдай тукыстары да жетіпті.

Қалас Бекжанов, емделушінің туысы:

- Аштық жариялап жатыр ішінде. Жағдайлары жоқ, тамақтарының мерзімі өткен. Астарына төсейтін ештеңелері жоқ.

Даудың басы мына науқастың шағымынан соң басталған. Күзетшілерден таяқ жеп, қабырғасы сыныпты.Тіпті, көз жанарымнан «айрылдым» деп отыр.

- Күзетшілердің бірі ұрды. Аямай тепкіледі.

-Ақтөбедегі мына жабық медициналық мекемеде қазір 160 науқас бар. Олардың барлығы сот шешімімен маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуде. Дәрігерлер науқастардың шағымдануына негіз жоқ, керсінше біздер зәбір көріп отырмыз дейді.

Биік дуал, темір сымдармен қоршалған бұл ғимаратқа сырттан ешкімді кіргізбейді. Сондықтан іштегі жағдайды көзбен көріп таныса алмадық. Десе де басшылары емделушілердің аштық жариялағаны бос сөз деп отыр. Ал күзетшіден таяқ жедім деген науқастың өзі арақ ішіп, шатақ шығарған көрінеді.


Шампан Тұрышов, Ақтөбе облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің бас дәрігері:

-Жарияланған аштық жоқ. Өткенде Ермұханбетов бір ауруымыз осы ішімдік ішіп, шамалап көнбей кезекші медициналық қызметкерлеріне және күзет қызметкерлеріне көнбей арақтан сауыққанға дейін оқшаулап қоятын бөлме соған апара жатқанда құлаған. Қабырғасын ауыртқан. Кейін бізді күзет қызметкерлері «ұрды» деп жала жауып отырған сияқты. 

«Таяқ жедім» деген науқастың шағымымен тергеушілер айналысып жатыр. Десе де, дәрігерлер мәжүрлеп емделіп жатқандардан бізді қорғайтындар жоқ деуде. Себебі, жақында ішімдікке сылқия тойып алған науқастар бір мейірбикені өлімші қылып сабаған. Артынша сот оны қайта осы жабық мекемеге жіберіпті.