Ақтөбеде мейрамханадағы алапат өртке қатысты жаңа дерек шықты

Тілсіз жау мейрамханаға жапсарлас орналасақан үйлерге де тие жаздаған.  Сондықтан өрт сөндірушілер ең алдымен баспаналарға отты тигізбеуге барын салыпты. Өрт бір жарым сағатта ауыздықталғанымен, бықсыған отты толықтай сөндіру үшін түні бойы күзет ұйымдастырған. Сол маңның тұрғындары мейрамханаға қатысты бұрынан талай рет құзырлы мекемелерге шағымданғандарын айтады. Себебі ағаштан жасалған алаңқайда кәуәп әзірлеп, оның шоғы көршілердің ауласына түседі екен. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. 

Loading...