Сот оларды 14 жасар Гүлдира Сәкенованы зорлап, өлтірді деп таныған алқа билердің кесімін қолдады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.
Өмір бойы бас бостандығынан айырылған С.Наумцев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Ал, В.Савичке 25 жыл жаза кесілді.
Жабық жағдайда өткен сот процесіне журналистер үкім шығарылар алдында кіргізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр қазан айында жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті дорбаға салынған күйі көп қабатты үйдің ауласынан табылған болатын.
Іс материалдарына сүйенсек, 22 жастағы С.Наумцев пен 21 жастағы В.Савич онымен әлеуметтік желілер арқылы танысқан. Қылмыскерлер оны жалдамалы пәтерге алдап кіргізіп, абыройын аяқ-асты еткеннен кейін буындырып өлтірген.