Ақтөбеде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді жөндеуге 50 млн. теңге бөлінді

Оның айтуынша, 31 млн. теңге Ақтөбе қаласының іргесіндегі 10 мектепті жөндеуге жұмсалады. Бұл қаржыға білім ордаларының шатыры, жылыту жүйелері мен ғимараттардың алдыңғы беттері жөнделеді. Білім беру басқармасының хабарлауынша, кабинеттер ата-аналар есебінен "ретке келтіріледі".

Ал қалған 19 млн. теңгені білім беру басқармасы соңғы үш жыл бойы жөндеу көрмеген балабақшаларды жөндеуге жұмсамақшы. Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде шатырларды ауыстырып, жылыту желілері мен жертөлелерді жөндеу көзделіп отыр.
Жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінген тиын-тебенмен бірге демеушілер қаржысы да жұмсалады. Қазіргі жағдаймен Ақтөбедегі 30 кәсіпорыннан қалалық әкімшілікке жергілікті мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеулерге, мектепке жабдықтар сатып алуға демеушілік жасау жөнінде ұсыныстар келіп түскен.
Жөндеу жұмыстары 25-тамызда аяқталады.
Қазіргі жағдаймен Ақтөбеде 66 жалпы білім беретін мектеп пен мектепке дейінгі 24 мекеме тіркелген.