Ақтөбеде мерзімді борышын өтеуші қатардағы бір жауынгер өзінің әріптесін өлтірген күдікті ретінде танылуда

Басқарма ақпартына сәйкес, қайтыс болған жігіт пен күдікті әскер қатарына өткен жылғы күзде шақырылған. Біріншісі облыс орталығының, екіншісі Шалқар ауданының тұрғыны.

Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша әскер кеудесінен тиген соққы мен жүрек ақауынан көз жұмған. Күдікті қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.