Күләш Төлеубаеваның қазір зейнеткерлікке шығып отыратын шағы. Инсульттан соң он жылдай төсек тартып жатып, соңғы бір жылда ғана беті бері қараған. Дегенмен, дерт шалған қол-аяғын әрең игереді. Ол ел тәуелсіздік алмай тұрғанда-ақ қолындағы бар құжатынан айырылыпты. 90-шы жылдары жаңа төлқұжатын алмақ болып талай жерге жүгіргенімен, онысынан түк шықпаған. Тіпті мұрағаттан өзінің өмірге келгені туралы ешбір дерек таппапты.
Күләш Төлеубаева:
-Құжаттарымның жоқтығынан мен өзімнің кім екенімді дәлелдей алмай жүрмін. Неше қайтара айыппұл төледім. Жер мен көктің арасында тұрмын.
Жарымжан жанның жақындары да төлқұжат үшін талай жерге шапқылағандарын айтады. Қазір қолында бірде бір анықтама болмағандықтан мүгедектердің де қатарында жоқ. Жасы жетсе де зейнеткер екенін дәлелдей алмай жүр. Көші-қон басқармасындағылар да олардың жағдайынан хабардар екен.
Нұрлан Бағытов, Ақтөбе облыстық көші-қон басқармасының бөлім бастығы:
-Қіз қолдан келген көмекті аямаймыз. Тек ең алдымен туу туралы куәлігіне қатысты деректі табуымыз керек. Еліміздің азаматы екенін анықтаймыз. Оған уақыт керек. Дегенмен,бұл әйел құжатсыз қалмайды.
Көші-қон полициясындағылар тұрғындардың төлқұжатты жиі жоғалтатынын айтады. Алғашқыда өтініш айтып келгенімен, көбі кейін хабарсыз кетеді екен. Уақыт өте келе ол құжаттарды қайта қалпына келтіру қиынға соғатын көрінеді. Себебі, мекеме мұрағатындағы арыздар мен келіп түскен жауап хаттар тек он жылға дейін сақталады.
Loading...