Ақтөбеде нарколог-дәрігер пара алу үстінде құрықталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, диспансер дәрігері 10 мың теңге көлеміндегі параны қанында есірткі бар екені туралы мәліметті құжатта көрсетпеу жөніндегі уәдемен 42 жастағы жергілікті тұрғыннан талап еткен.

Нарколог- дәрігер болып істейтін әйел пара алған сәтте жұмыс орнында құрықталды. Оның жұмыс бөлмесіндегі тексеру кезінде 5 және 10 мың теңгелік купюралар табылды. Әйел бұл ақшаны қайдан алғанын жарытып түсіндіре алмады.

Қазір дәрігерден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті