Ақтөбеде науқас дәрігерлерден өндірген жарты миллионға көңілі толмай отыр

Темір жол ауруханасы мен жергілікті медициналық университет жарты миллион теңгені бірігіп өтейтін болады. Біріншісі оны диспансерлік есепке  алмапты. Осылайша уақыт созып алғандықтан Евсееваның ақ түскен көзінің дерті асқынып кеткен. Кейін жанарының қабықшалары солып қалады. Ал жергілікті медициналық университетке қарасты орталықтың мамандары жасаған ота да сәтсіз аяқталды. Осы жайтқа байланысты тексеру жүргізгендер қызметіне салғырт қараған екі дәрігерге сөгіс жариялап қана шектелген. Бұған келіспеген Татьяна сотқа шағымданып, екі ауруханадан он миллион теңге талап етті. Бірақ судья оның талабын қанағаттандырғанымен, өндірелетін шығын көлемін 500 мың теңге деп бекітті.

Татьяна Евсеева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Шешімге енді шүкіршілік етемін. Қомақты қаржы берсе шетелдің мамандарына қайта ота жасатам деп үміттеніп едім. Енді 500 мың теңге неге жетеді? 

Loading...