Жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан кейуана мен немересін микроавтобус түйіп барып тоқтады. Зейнеткер қатты соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен. Алғашқыда қан қызумен орнынан тұрған алты жасар қыз миы шайқалып, бас жарақатымен балалар ауруханасында ем алып жатыр. Әжесі де осындай диагнозбен төсекке танылған. Тәртіп сақшылары көліктің 37 жастағы жүргізушісі сол кезде сау болғанын айтады. Дегенмен жазасыз қалмайтынына сендіріп отыр.