Топтың тыңдармандары сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкіміне де арнайы үндеу жолдады. Бұл бейнежазба Инстаграмдағы aktobe_zello парақшасында жарияланды.
Олар облыс басшысына шағым айтып, ол топтың концерттерін қалада өткізбей қою үлкен әділетсіздік екенін айтады. Олар келеді деп арнайы дайындап қойған жоспарларымыз бен сыйлықтарымыз бар деп, “бірнеше күн қалғанда мыңдаған қыздардың көз жасына қалайын деп отырсыздар” дейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде оншақты асаба аталмыш топтың концерттерін қалада өткізбеуді талап еткен еді.