Ақтөбеде облыстың мемлекеттік бас инспекторы қамауға алынды


Қаржы полицейлерінің мәліметінше, күдіктілер 3 мың долларға жұмысшысы жазатайым мерт болған әлдебір мекеме бастығының жазасын жеңілдетпек болыпты. Айта кетсек, ақтөбеліктер Ғабдулиннің өзінен гөрі баласын жақсы таниды. Мемлекеттік инспектордың ұлы бір кездері қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазір «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары екен.