Осыдан бес жыл бұрын Моңғолиядан келген 26 отбасыға мемлекеттен 45 миллион теңге квота бөлінген екен. Ең сорақысы, қандастарымыз атажұртына келмек түгілі, өмірде жоқ болып шықты. Бес адамнан тұратын топ моңғол елінен паспорттар әкеліп, оған Ақтөбе тұрғындарының суретін жабыстырған. Осылайша шетелдегі жоқ қандастардың ақшасын қалталарына басыпты. Іс сотта үш жылдай қаралды. Себебі, жалған құжат дайындауға жәрдемдескендер көп болған. Медициналық анықтамаға қол қойғандар ақыры анықталмады. Ал Мәртөк ауданында оралман құжаттарын тіркеген инспектор жол апатынан қаза тапқан. Сондықтан басты айыпталушы ретінде Алматы облысында тұратын ерлі-зайыптылар төрт жылға, Ақтөбе облыстық көші-қон полициясының бөлім бастығы мен тағы бір инспекторы және оралман келіншек шартты түрде үш жылға сотталды. Ал басқармасындағы былықтарға жол берген аймақтағы көші-қон полициясының басшысы мен орынбасарына қатысты іс бөлек тергеліп жатыр.
Зинаида Шмирова, судья:
-Мемлекетке келген шығынды айыпталушылар екіге бөліп төлейді. Алғашқы миллион теңгеден астам қаржыны төрт адам өтейді. Қырық миллион теңгеден астам ақшаны ерлі-зайыптылар өтейді.
Loading...