Ақтөбеде өрт салдарынан бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметтері бойынша, сағат 00.10 минутта бес қабатты үйдің жер төлесінде өршіген өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылды. Адамның кім екендігі әлі анықталамады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 01.25 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.