Ақтөбеде өрт салдарынан лицей ғимаратынан 244 адам эвакуацияланды

Министрлік ақпаратына сәйкес, лицей ғимаратының шатыры 22-қарашада тұтанған. Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі үш сағатта ауыздықтады.