Ақтөбеде өрт салдарынан нәресте қыз бен оның үш жасар ағасы қаза тапты

Өрт "Геофизик-2" бағбандық қоғамының саяжай аумағындағы вагончикте бейсенбіге қараған түні шыққан. Балалардың бағбандық қоғамда күзетші болып істейтін ата-аналары саяжайларды түнге қарай аралауға шыққан. Өрт шыққан сәтте вагонда үш бала - үш және жеті жастағы екі ұл мен бір айлық нәресте қыз болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеті жасар ұлды ғана құтқарып қалды. Қалған екі баланың жанып кеткен мәйіті табылды.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті