Ақтөбеде орталық стадионды жөндеуге жарияланған тендерге кәсіпкерлер таласып жатыр


Биыл Қобланды батыр стадионын жөндеуге бюджеттен 7 жарым млн теңге бөлінген екен. Алайда портал арқылы байқауға түскен кәсіпкер келіншек 330 мыңға бәрін қатырып берем деп айды аспанға шығарыпты. Тексере келе әліне қарамай, бизнесменнің ойланбастан осындай шешім қабылданғаны анықталған. Ол енді райынан қайтып, қайта тендер жарияланды. Тағы бір кәсіпкер стадион еденінің әр шаршы метрін төсеуге 700 теңгеден сұраған. Шенеуніктер оның бетін қайтармай, жұмысының ақырын күтуде. Арзанның тұзы татымасын білгенмен, стадион басшылары тендерге қатысқан күдікті кәсіпкерлерге тосқауыл бола алмай отыр.